40 Kenesary, 1205 office

г. Astana

+7 (717) 227-99-96

+7 771 532 22 00

«Қазагромаркетинг» АҚ агроөнеркәсіп кешені субъектілері несиелерінің/лизингтерінің шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады

«Қазагромаркетинг» АҚ қаржы институттарынан агроөнеркәсіп кешені субъектілері несиелерінің/лизингтерінің шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтінімдер мен құжаттарды қабылдайтынын хабарлайды.
Субсидиялау Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүргізіледі.
Субсидиялауға номиналды жылдық сыйақы мөлшерлемесі теңгемен 14%-дан және шетелдік валютамен 10%-дан аспайтын несиелер мен лизингтер жатады.
Бағдарламаның шарттарына сәйкес айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінетін несиелер және технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға берілетін лизингтер бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемелері несие теңгемен алынған жағдайда 7%-ға және несие шетелдік валютамен алынған жағдайда 5%-ға төмендетіледі.
Мал шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жемшөппен қамтамсыз ететін мамандандырылған ұйымдардың және мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша несие теңгемен алынған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-ға және несие шетелдік валютамен алынған жағдайда жылдық 7%-ға төмендетіледі.
Бағдарламаға қатысқысы келетін барлық қарыз алушылар екінші деңгейлі банктер мен несие алған лизингілік компанияларға барулары қажет.
Субсидия берудің толық шарттары, тапсырылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді және шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылдың 25 қарашасындағы №9-1/613 «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
Бағдарлама аясында қызмет көрсету үшін (қаржы институттарынан құжаттар қабылдау, құжаттардың мониторингісін жүргізу және қарыз алушының қағида талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындау, субсидияланған несие шарттарының мониторингісі) оператор ретінде «Казагромаркетинг» АҚ анықталды.
Оператордың мекенжайы: Астана қаласы, Ақбұлақ-3 шағын ауданы, Дарабоз көшесі, 25-үй, тел. 58-01-85, факс 58-01-80.
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның Call-орталығы 8 800 080 70 80 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).