«ҚазАгроҚаржы» АҚ АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушылардан құжаттар қабылдау шараларының басталғаны жөнінде хабарлайды
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, несие жүктемесін төмендету және банкротқа ұшырау тәуекелдіктерін барынша азайту мақсатында, «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шараларының басталғаны жөнінде жариялайды.
Қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысуға «ҚазАгроҚаржы» АҚ қарыз алушылары құжаттарын тапсыра алады. Қарыз алушылардың 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған міндеттемелері, сондай-ақ айналым қаражаттарын толықтыруға, құрылыстық-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға, негізгі құрал-жабдықтар сатып алуға, қаржы лизингіне жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын алу мақсаттарына қаржыландырылған шарттар қаржылық сауықтыруға жатады.
Қаржылық сауықтыру бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру мөлшерлемесін теңгемен жылдық 7% дейін төмендету; қаржыландыру мерзімін қайта құрылымдау және 9 жылдан аспайтын мерзімге ұзарту; мерзімі өтіп кеткен сыйақыны бөліктеп төлеу; Негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдік беру; Тұрақсыздық айыпты (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығару жобаланған.
Өзге мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін несие шарттары қаржылық сауықтыруға жатпайтынын айта кету керек. Сонымен бірге, қарыз алушылардың қаржы берешектерінің қайта құрылымдалған жағдайларын қоспағанда, қызметтері ұйымдық-құқықтық нысандарының өзгеру, таралу немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған қарыз алушылар, сондай-ақ жеделдетілген сауықтыру рәсімінде немесе сауықтыру рәсімінде тұрған қарыз алушылар қаржылық сауықтыруға жатпайды. Сонымен бірге, Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның субсидиялауды тоқтату туралы шешімі қабылданған қарыз алушылар бұл процедураға қайтадан қатыспайды.
Назарларыңызға, қаржылық сауықтыру бағдарламасы ресми түрде старт алғаннан кейінгі небәрі бір аптаның ішінде 12 млрд.теңге негізгі борыштың қалдық сомасына 185 шарт бойынша 72 қарыз алушы бағдарламаға қатысуға ниет білдірді.