Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the disable-gutenberg domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/herefords.kz/hereford.kz/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена translatepress-multilingual была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/vhosts/herefords.kz/hereford.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан-Венгрия қоры Қазақстанның АӨК кезекті жобасына инвестиция салды — Республиканская палата породы Герефорд

Қазақстан-Венгрия қоры Қазақстанның АӨК кезекті жобасына инвестиция салды

2018 жыл Қазақстанның АӨК өндіріске нақты инвестиция салудан басталды. Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Ақмола облысындағы сүт-тауарлы ферманы 10,4 млн. АҚШ долларына қаржыландырды.

Қор «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен HungarianExport-ImportBank (Венгрияның Эксимбанкі) бірлесіп құрылғанын еске саламыз. Оның мақсатты міндеті Қазақстан аумағындағы ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру.

Инвестицияланған 10,4 млн. доллар жұмыс істеп тұрған қуаттылығы 1500 сиырға арналған ферманы толық жаңартуға және 1500 сиырға арналған жаңа сүт-тауарлы өндірісті салуға бағытталатын болады. Осылайша, өнімділігі жоғары ірі қара малды 580 бастан 3000 басқа дейін ұлғайту жоспарланады.

Жобаны инвестициялауға қазақстан және венгрия тарапынан қаражат тартылған, соның ішінде Венгрияның экспорттық-импорттық банкі 4,66 млн. АҚШ доллары көлеміндегі соманы инвестициялауға бағыттады, осындай соманы «ҚазАгро» холдингі қаржыландырды. Қосымша жобаны инвестициялауға Қордың басқарушы компаниясы ADM Capital 94, 2 мың АҚШ долларын бағыттады және қазақстандық инвестор жемшөп түріндегі 1 млн. АҚШ долларын салды.

Бұдан басқа, жобаны іске асыру кезінде қазақстандық инвестордың активтері және венгриялық жабдықтаушылардың биологиялық активтері пайдаланылатын болады.

«ҚазАгро» ұлттық холдингімен бұрын хабарланғандай, Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Қазақстанда сүт-тауарлы ферманы жаңартуды қаржыландыруды жоспарлады. Тиісті меморандумға Астанада өткен жылдың желтоқсанында қол қойылды.

2017 жылы Қазақстан-Венгрия қорының Ақтөбе облысында FoodVentures (Голландия) және «Green Capital Kazakhstan» ЖШС (Қазақстан) бірлесіп алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысына 12 млн.АҚШ долларын инвестициялағанын айта кету қажет. Инвестиция сомасы қазақстан тарапынан 6 млн.АҚШ долларын және шетелдік инвесторлар тарапынан 6 млн.АҚШ долларын құрады.