«Қазагромаркетинг» АҚ отандық азық-түлік өндірушілері арасында «Халық маркасы» байқауына қатысу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларында орналасқан аймақтық желісі отандық азық-түлік өндірушілерін «Халық маркасы» жалпыұлттық байқауына қатысу мүмкіндігі жөнінде хабардар етуде.
«Халық маркасы» байқауы Қазақстанда өндірілген азық-түлік тауарларының танымалдылығын онлайн дауыс беру арқылы бағалауға бағытталған.
Байқау Италияда, Милан қаласында өтіп жатқан «EXPO-2015» көрмесіне ұштастырылған.
«Халық маркасы» байқауы барысында отандық азық-түлік өндірушілері 30 тауарлық номинация бойынша жеңімпаз атану мақсатында күш сынасады.
Жеңімпаздарды өзінің сүйікті өніміне www.halykmarkasy.kz сайтында қолдау көрсеткен тұтынушылардың дауысы анықтайды. Халықтық дауыс беру 2015 жылдың 9 қыркүйегінен 8 қазанына дейін созылады.
«Халық маркасы» конкурсының жеңімпаздары «Халық маркасы» белгісін өз тауарының орамасында/затбелгісінде екі жылға дейін орналастыруға мүмкіндік алады.
Осылайша өнімнің сапасын куәландыратын «Халық маркасы» белгісі өндірушіге тауарын өткізудің жаңа белестерін бағындырып, көптеген тұтынушылардың сеніміне ие болуға мүмкіндік береді. Тұтынушылар өз кезегінде дұрыс таңдау жасағандарына көз жеткізе алады.
Қазақстан Республикасының «EXPO-2015» көрмесіндегі павильонында 19 қазан күні Бүкіләлемдік азық-түлік күнін атап өту апталығы аясында өтетін марапаттау шарасына қатысу үшін байқау жеңімпаздары 2015 жылдың қазан айының 18-22 күндері Милан қаласына шақырылады.
Азық-түлік өндірушілерінің баршасын байқауға қатысып, отандық «Халық маркасы» белгісінің иегері атануға шақырмыз.
Жобаға қатысу үшін байқау сайтындағы өтінімді толтырып, halykmarkasy@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу қажет.
«Халық маркасы» байқауын ұйымдастыру комитеті:
тел: +7 771 442 27 78; +7 702 480 70 79
e-mail: halykmarkasy@mail.ru
www.halykmarkasy.kz

«Халық маркасы-2015» байқауының номинациялары:
1. Шырындар
2. Газдалған сусын
3. Минералды су
4. Ауыз су
5. Балалар тағамын өндіруші
6. Тез дайындалатын тағамдар
7. Шай
8. Дәстүрлі сүт қышқылды сусындар (шұбат, қымыз, айран және т.б.)
9. Сүт өнімдері (сүт, кілегей, сүзбе және т.б.)
10. Ірімшік
11. Жарма өндіруші (күріш, қарақұмық, асбұршақ, сұлы және т.б.)
12. Макарон өнімдері
13. Ұн
14. Нан өндірісі, нан-тоқаш өнімдері
15. Жұмыртқа өндірісі
16. Құс етін өндіруші
17. Жартылай фабрикаттар (тұшпара, котлет, манты, айқұлақ және т.б.) өндіруші
18. Ет өндіруші (ет өнімдері, ет консервілері)
19. Шұжық өнімдерін (шұжық, қысқа шұжық және т.б.) өндіруші
20.Кондитерлік өнімдер (кәмпит, шоколад және т.б.)
21.Аспаздық өнімдері (торттар ,печенье, вафли және т.б. )
22. Бал
23. Қант өндіруші
24. Өсімдік майы
25. Сары май
26. Кетчуп, майонез
27. Консервіленген көкөністер мен жемістер
28. Балық және теңіз өнімдерін өндіруші
29. Алкогольді сусындар (сыра);
30. Алкогольді сусындар (шарап, коньяк, шампан және т.б.).