«ҚазАгроҚаржы» АҚ сыйақы мөлшерлемелерін 7%-ға және 10%-ға субсидиялауға өтінім қабылдауды бастады

«ҚазАгроҚаржы» АҚ кредит/лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін клиенттерден өтінімдер мен құжаттар қабылдай бастағаны жөнінде хабарлайды.

Бағдарлама талаптарына сәйкес, айналым қаражаттарын толықтыруға және негізгі құралдар сатып алуға, құрылысқа арналған кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелері жылдық 7%-ға төмендейді, өз кезегінде, мал шаруашылығы және жемшөп шаруашылығы салаларындағы ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтар сатып алуға жасалған шарттар бойынша пайыздық мөлшерлеме 10 %-ға төмендейді (егер қарыз алушының кемінде 50 шартты бас а/ш жануарларының болуы туралы немесе жемшөп дақылдарын өсіру үшін пайдаланатын жер телімдерінің болуы туралы құптайтын дәлел болса). Бұл тұтас алғанда, жемшөп өндірісін, жалпы еліміздің аграрлық секторын дамыту мақсатындағы мемлекеттің елеулі қолдау шаралары болып табылады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ меншікті өз қаражаты мен тартылған қаражаттары есебінен жасалған лизинг/қарыз шарттары субсидиялауға жататынын айтып кеткен дұрыс.

Субсидиялар Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде беріледі. Субсидия берудің толығырақ талаптары, тапсырылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді қабылдау және шешім қабылдау тәртіптері «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 25 қарашадағы №9-1/613 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген.

Қосымша ақпарат алу үшін, ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның бүкіл республика бойынша филиалдарына өтінішпен бара алады немесе субсидиялау бағдарламасы жөніндегі оператордың Call-орталығының телефонына қоңырау шала алады: 8 800 080 70 80 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).