«ҚазАгро» ұлттық холдингі шаруалардың кооперативтерге бірігуін ынталандырады

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің отандық АӨК кооперацияның негізінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі пилоттық жобасы — жүзеге асырылды! Жобаның қатысушыларының бірі — Ақмола облысындағы «Өңірлік Астық Холдингі» ЖШС қызметтің нәтижесі мен перспективаларын атап өтті, соған сәйкес 2016 жылы бірлестіктің жаңа қатысушылары есебінен егістік алаңдарын қазіргі 360 мың гектардан 1 млн.гектарға дейін кеңейтеді.

Шаруашылықтарда кепілдік базасының жетіспеушілігі, кей уақытта тіптен болмауы, көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы қаражатын алуына қиындықтар туғызатын басты себептердің бірі болып табылады. Несие ресурстарының жетіспеушілігі ауылдағы шағын және орта бизнестің басқа проблемаларының – осал техникалық жарақталуы мен өндірістің ұсақ тауарлығының алғышарты болады.

«ҚазАгро» ұсынған шешім, кооперация және ынтымақты жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілерді біріктіруді болжайды. Ұлттық холдинг өзінің ниетін екінші деңгейлі банктер арқылы осындай бірлестіктерді кепілзатсыз қаржыландырудың жаңа схемасын әзірлей отырып растады. Шын мәнінде «ҚазАгро» мұқият зерттеуден кейін қазақстанның топырағында аграрлық саладағы кооперацияның әлемдік тәжірибесін сынақтан өткізді. Ұлттық холдингтің бастамасы 113 шағын және орта шаруашылықтарды рухтандырды, олар 2015 жылдың басында егістік науқанының алдында үш аймақтық кооперациялардың шеңберінде бірікті. Республиканың негізгі астықпен айналысатын өңірлерінде – СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің кооперациялары бойынша пилоттық жобаны іске асыру.

«ҚазАгроның» инновациялық шешімінің мәні, шаруалар бірігіп кепілзат ұсынбай несие қаражаттарын алады. Қаражатты қайтару кепілдігі кооператив мүшелерінің бір бірінің алдындағы жауапкершілігі болады. Сондықтан бірлестік алғашында аграрлық саладағы жұмыс тәжірибесін, шаруашылықтардың жағымды несие тарихтарын есепке ала отырып қатысушылардың өздерімен құрылды.

«ҚазАгро» әзірлеген схема мынадай тәсілдерге негізделген:

1. Бірлестіктер кооперация және ынтымақты жауапкершілік принципінде ұйымдастырылады, олардың қатысушылары алғашқы кезеңде астық өндірушілер болып табылады. Осы ретте кооперация принципі өзін өзі басқару, бірлескен қызмет және оның қатысушыларының барлығының теңдігі («бір қатысушы – бір дауыс»). Оның қатысушыларының ынтымақты жауапкершілігі оның қатысушыларының Бірлестікке астық жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне таралмайды.

2. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Бірлестікпен тиянақталған бағамен жеткізгеннен кейін төлеу арқылы белгілі бір бидайдың көлемін сатып алу шартын жасайды. Аталған көлем Бірлестіктердің қатысушыларының арасында олардың Бірлестіктен егістік және жинау науқандарына алған қаржы қаражаттарын қайтару бойынша міндеттемелерінің шеңберінде бөлінеді.

3. Бірлестік дербес заңды тұлға ретінде «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бидайын өткізу кепілдігімен ЕДБ кепілзатсыз қарыз тартады.

Қарыз қаражаты Бірлестік мүшелері арасында көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, басымдықты түрде Бірлестікпен орталықтандырып төленген дайын тауарлық-материалдық құндылықтар түрінде бөлінеді. ТМҚ орталықтандырылған көтерме сатып алу Бірлестіктің қатысушылары үшін жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

4. Шартта белгіленген бағадан бидайдың нарықтағы бағасы асып кеткен жағдайда, Бірлестіктің бидайды көп пайда алу үшін нарықта сатуға құқығы бар. Егер, нарықтағы баға шарт бойынша белгіленген бағадан түсіп кетсе, онда Бірлестік «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бидайын өткізеді.

Бірлестік қызметінің ұсынылған схемасы ҚР АШМ «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның фермерлер одағымен қолдауға ие болды.

Кооперативке кірген шаруашылықтардың басшыларының айтуы бойынша, Бірлестіктерге қатысу фермерлер үшін бірқатар артықшылық береді, оның ең бастысы – көктемгі-егіс жұмыстарын (КЕЖ) кепілдіксіз қаржыландыруға қолжетімділік және тұқымды, тыңайтқыштарды, қосалқы бөлшектерді, ЖЖМ көтермелеп сатып алудың есебінен ең арзан бағамен алу мүмкіндігі. Бұдан басқа, бірлестік ұсынуы мүмкін болашақтағы қызметтерге қолжетімділік алудың шындығы жақындай түседі. Әңгіме, корпоративтік машина-трактор станциялары, астық қоймалары және басқалар жайлы. Бұрын, жыл сайын КЕЖ-на несиеге салынған активтерді фермерлер басқа көздерден дамудың өзге мақсаттарына (ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сақтаудың, жаңартудың инфрақұрылымын жақсарту және т.б.) арналған қаржыландыру тарту үшін пайдалана алатыны да аса маңызды.

Ақмола облысындағы кооператив директоры Ербол Ташенов айтқандай — «Өңірлік Астық Холдингі» ЖШС, «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қолдауының арқасында осы жылғы егістікке дайындықтан басталған және өнімді өткізумен және банктердің алдындағы міндеттемелерді өтеумен аяқталған жоба толық іске асты. Бірлестіктердің басшыларының айтуынша, бүгінде кооперативте 52 қатысушы бар, олар 360 мың га алаңға егін егеді. Алайда 2016 жылы Өңірлік Астық Холдингі 100 қатысушыға дейін көбеюді жоспарлайды, өңдейтін жерлерін 1 млн. гектарға дейін ұлғайтады. Бұл жобамен Ақмола облысының барлық егістік алаңының 20%-ы.

Жобаның іске асыру барысын астық өндірушілерден басқа да көптеген шаруашылықтар қадағалап отырады. Мысалы, бүгінгі күннің өзінде, республиканың оңтүстік аймақтарының күріш өндірушілері кооперация принципіндегі бірлестік құру мүмкіндігін талқылауда.