«ҚазАгро» егін жұмыстарын қаржыландыруға Екінші деңгейлі банктерден өтінімдерді қабылдауды бастады 27.01.2015

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі 2015 жылғы көткмегі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге республиканың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру мақсатында екінші деңгейлі банктерден өтінімдерді қабылдауды басталғанын хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау хабарландыруды жариялаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ағымында жүзеге асырылады.
Бюджеттік несиені алу сұрақтары бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің Инвестициялық жобалар және несиелік әдіснама департаментіне хабарласу керек (тел: (7172) 705-643 ішкі: 1150; 1154; e-mail: K.Sapulatov@kazagro.kz; a.krivenko@kazagro.kz; info@kazagro.kz).
Еске салайық, агроөндірістік кешен субъектілерін қолдау бойынша шараларды жүргізуге «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингіне 60 млрд.теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінуі жоспарлануда.
2014 жылы егін жұмыстарын қолдауға ЕДБ –ге 20 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінген, олардың игерілуі мен қайтарылуы 100%-ды құрады.

ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.