Алматы облысындағы жаңа құс фабрикасы алғашқы 10 мың тонна өнімін өндірді
Өткен жылы іске қосылған Алматы облысындағы «Сарыбұлақ» ЖШС жаңа құс фабрикасы алғашқы 10 мың тонна құс етін өндірді. Алғашқы кезеңдегі жалпы құны 7,4 млрд.теңгені құрайтын жоба «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.
Жалпы бүгінгі күні Қазақстанның АӨК саласында «ҚазАгро» қаржылық институттары арқылы ет және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларының құрылысымен байланысты 26 жоба қаржыландырылды, оның жиынтық өнімділігі – 85 мың тонна құс еті және 654,1 млн. жұмыртқа. Жалпы қаржыландыру сомасы – 30,2 млрд.теңге. «ҚазАгроҚаржы» АҚ холдингтің ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен байланысты бағдарламаларды жүзеге асырушы оператор болып табылады.
«Сарыбұлақ» ЖШС құс фабрикасының өндірістік қуаттылығы жылына 20 000 тонна құс етін құрайды. Жоба екі кезеңде іске асырылады. Бірінші кезеңді жүзеге асыру барысында балапан асырау қоралары, аналық және балапан өсіру орындары салынды. Бұдан бөлек инкубатор, бройлерлік корпус, сағатына 6 мың тонна қуаттылығы бар сою цехі және сағатына 20 мың тонна өнімділігі бар жем-шөп зауыты бой көтерді. Екінші кезеңді жүзеге асыру шеңберінде жаңа құс бағу орындарын салу арқылы кешенді кеңейту жоспарлануда. Жобаны қаржыландыру «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан жалғасуда. Кәсіпорындағы бройлер етін өндіруде германиялық технологияларды қолданылады. Құс фабрикасының өнімдері Алматы, Қостанай, Қарағанды, сонымен қатар ОҚО және СҚО нарығына жеткізіледі. Бүгінгі күні «Сарыбұлақ» ЖШС экспорттық бағыттарды ретке келтіруде. Қазақстандық құс фабрикасынан Ресейдің Омск және Новосибирск қалаларына ет өнімдері жылдың басынан жеткізіле бастады. Дегенмен, компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайларға байланысты күшейген бәсекелестік жағдайында кәсіпорынға жаңа өткізу нарықтарын ашу қажет болып отыр. Компанияның құс фабрикаларында бүгінгі күні 550 адам жұмыспен қамтылған, сонымен қатар кәсіпорын өндіріске түрлі жем түрлерін жеткізетін /бидай, соя, күнбағыс және т.б/ 60-тан астам фермерлік шаруашылықтарды жұмыспен қамтиды.
Қазақстанның құс өсірушілер Одағында 2013 жылы құс етін тұтыну бір адамға шаққанда 18 кг.құарағанын атап өтті. Жалпы тұтыну 300,0 мың тонна. Құс етін жалпы тұтынуға байланысты құс өсірушілер Одағының жорамалына сәйкес 2014 жылы адам басына – 318.0 мың тоннаны құрады. Қоғамдық бірлестіктің мәліметтеріне сәйкес Қазақстанда 2010 жылы ет бағытында 12 құс фабрикасы болды, бүгінгі күні 19 құс фабрикасы жұмыс істеуде. Республикадағы құс шаруашылығының өсуінде «ҚазАгро» Холдингінің рөлі өте жоғары, әсіресе ет бағытында бұл анық байқалады. Қазақстанның құс өсіру Одағының мәлімдеуінше «ҚазАгро» тарапынан көрсетілген қаржылық қолдау арқасында 2010 жылдан бері өндіріс көлемі 136,4 пайызға өсті.
ҚР АШМ мәліметтеріне сәйкес қазіргі уақытта республикада өндірістік құс шаруашылығымен 56 құс фабрикасы айналысады, оның 37 – жұмыртқа бағытында және 19 бройлер бағытында. Қазақстанда өнідірістік құс шаруашылығы мал шаруашылығы саласындағы едәуір дамыған саланың бірі болып келеді. 2014 жылы барлық санаттағы құс басы 3,0%-ға өсіп, 35 181,9 мың басты құрады, құс фабрикаларындағы құс санының өсуі – 6,5% болып, 22 821,8 мың басты құрады.
2015 жылдың басындағы мәліметтер бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің инвестициялық қоржынында 309,1 млрд.теңге сомасына 477 инвестициялық жоба бар. Оның 221,4 млрд.теңге сомасына 365 жоба іске қосылды, соның ішінде 2014 жылы – 73 инвестициялық жоба. Холдингтің ақпаратына сәйкес 2015 жылы 50 млрд.теңге сомасын құрайтын 75 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.