Астанада алғашқы Қазақстандық Агроөнеркәсіптік инвестициялық форум өтеді

Республиканың ауыл шаруашылық әлеуеті және отандық АӨК инвестициялық мүмкіндіктері 2014 жылдың 17-18 маусымында халықаралық аграрлық қауымдастықтың қатысуымен өтетін алғашқы Қазақстандық агроөнеркәсіптік инвестициялық форумда ұсынылады.
Республиканың агросаласы үшін маңызды шара «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі мен AdamSmithConferences (Адама Смит Институты) британдық компаниясының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылардың сөзінше халықаралық форум Еуропадан, АҚШ, Таяу Шығыс, Ресейден, Украина және Қазақстаннан 150 компания-потенциалды инвесторлардың басын қосады.
Білетіндей, «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің инвестициялық қоржынында бүгінгі күні 250 млрд.теңгеге жуық соманы құрайтын 400-дей түрлі инфрақұрылымдық жобалар бар. Қаржыландыру мен жобалардың жүзеге асуын қадағалауды холдинг ауыл шаруашылықтың 17 бағытында жүргізеді – ірі-тауарлы сүт фермалары мен өнідірістік жылыжай кешендерінің құрылысынан бастап тамшылап суару жүйесін енгізу мен бордақылау алаңдарын және асыл тұқымды ІҚМ репродукторларын құруға дейін барлық салаларды қамтиды. Бүгінгі күні барлық іске асудағы жобалардың жалпы сомасы 200 млрд.теңгені құрайтын 300-ден астам өндірістік нысандар пайдалануға берілді. Және, «ҚазАгрода» мәлімдегендей, холдинг еліміздің АӨК қомақты дамуына шетел инвестициялары мен заманауи технологияларды тартуға қызығушылық танытуда.
Қазақстанның Агроөнеркәсіп инвестициялық форумының форматы шетелдік инвесторлардан бөлек, қазақстандық бизнесқұрылымдар өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен даму институттары өкілдерінің қатысумен бірқатар тақырыптарда сессиялардың өткізілуін қамтиды. «Жаһандық мәнмәтінде Қазақстанның аграрлық саласы: бүгінгі күнгі Қазақстанның рөлі, және ол инвесторларға не ұсына алады?»; «Қазақстандағы ауыл шаруашылық саласын ынталандыру және инвестицияларды тарту бойынша Үкіметтің негізгі бастамалары мен басымдықтары»; «Қазақстанда жасалған» өнімдері үшін өндіріс және экспорт нарықтары». «Ауыл шаруашылық нарық экпортына қатысты Қазақстанның географиялық жайғасуы» — форум қатысушыларының талқысына шығарылған кейбір тақырыптар.
Сессиялардан бөлек шара қатысушылары бірлескен жобалар сұрақтарын «дөңгелек үстелдер» және «бірме-бір» форматында өтетін кездесулер өтеді, онда ұйымдардың топ-менеджерлерімен жеке байланысып, ынтымақтастық сұрақтары қарастырылады. Алдағы Қазақстандық агроөнеркәсіптік инвестициялық форум туралы барлық ақпаратты осы жерден таба аласын.
«Қазақстандық агроөнеркәсіптік инвестициялық форумның» негізгі мақсаты халықаралық аграрлық қауымдастыққа «Агробизнес-2020» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылған Қазақтанның ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерді көрсету. Біздің форум жұмысында Сіздерді көруге қуанышты боламыз, Форум жұмысы қызықты және нәтижелі болады деп күтілуде» — деп ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков потенциалды форум қатысушыларына арнаған сөзінде айтты.

Анықтама:
ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрамына енетін компаниялардың инвестициялық активтерінің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады.
Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.
_________________________________________________________
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі
Ринат Тасболатов +7 701 460 91 82, R.Tasbulatov@kazagro.kz
тел: (7172) 70-56-39