Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астықты форвардты жолмен сатып алу бағдарламасы бойынша аграрияларға 11 млрд. теңгеден астам қаражат жіберді

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) ҚР екінші деңгейлі банктерінің (ЕДБ) немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) кепілдемелерімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден (АШТӨ) бидай және/немесе арпаны форвардты жолмен сатып алу бағдарламасын іске асырудың соңғы кезеңіне жетті. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы бұл мақсаттарға бөлінген 14 млрд. теңге бюджет қаражатының 11 млрд. теңгеден астам сомасына аграриялардың 1600 өтінімін қаржыландырды. Бұл ретте АШТӨ қаржыландыруға өтінім берген жалпы егіс алаңы 1,8 млн. га-дан асты.
Алдыңғы жылдардағыдай, өтінімдердің көпшілігі еліміздің негізгі астық егетін өңірлеріндегі АШТӨ-ден келіп түсті.
2014 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша сомасы 4 млрд. теңгеге жуық Қостанай облысының АШТӨ-нің 700–ден астам өтінімдері қаржыландырылды.
Ақмола облысы бойынша сомасы 4 млрд. теңгеден астам сомаға аграриялардың 600 өтінімдері қаржыландырылды.
Сондай-ақ, солтүстік қазақстандық астық өндірушілердің 84 өтінімдері 1,2 млрд. теңгеден астам сомаға қаржыландырылды.
Көрсетілген өңірлерден басқа аталған бағдарламаға Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының аграриялары қатысады. Бағдарламаға жыл сайын еліміздің жеті өңірінен мыңнан астам АШТӨ қатысады.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясының Басқарушы директоры –Астық ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәбит Қашқымбаев: «Аталған бағдарламада Азық-түлік келісім шарт корпорацияның қаражатты игеру және АШТӨ-ге оны аудару шарттар бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде ЕДБ-ден және ӘКК-ден кепілдемелердің келіп түсуіне қарай уақытылы жүзеге асырылуда. Бұл ретте Азық-түлік келісім шарт корпорациясы да аграриялардан олар қабылдаған міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындайтынын күтеді. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы алдындағы өз міндеттемелерін уақытылы әрі толық көлемде орындаған АШТӨ ғана келесі жылы көктемгі егін егу жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасына қатысуға рұқсат алады».

Анықтама
Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2014 жылғы 17 наурыздағы шешіміне сәйкес, екінші деңгейлі банктердің немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдемелерімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бидай және/немесе арпаны форвардты жолмен сатып алуды жүргізуге 1 га жер көлеміне 6 000 теңге есебінен 14 млрд. теңге жолданады.
АШТӨ міндеттемелерін орындау бастапқы төлем сомасының және сатып алу бағасының негізінде көлемі айқындалатын бидай және/немесе арпаны 2014 жылғы 1 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін жеткізу арқылы жүзеге асырылады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі белгілеген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.