Оңтүстік аймақтарда көктемгі-егіс жұмыстары басталды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2015 жылдың көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде агроқұрылымдарға, соның ішінде еліміздің астық, көкөніс және мақта шаруашылықтарындағы көктемгі жер жырту жұмыстары нағыз қызған оңтүстік аймақтарына техника беруді бастады. Бүгінгі таңда Қоғамның несие комитетіне Оңтүстік Қазақстанның фермерлерінен 991 млн. астам теңгеге 300 бірліктен артық техника сатып алуға өтінімдер келіп түсті.
Көктемгі-егіс жұмыстарына техникалар мен технологиялық жабдықтар сатып алуға өтінімдер саны күннен-күнге бүкіл Қазақстан бойынша өсіп жатқанын айтып кеткіміз келеді. Республика бойынша, 7,3 млрд. астам теңгеге 1000 бірліктен артық әр түрлі техникалар мен жабдықтар сатып алуға фермерлерден Қоғамның қарауына өтінімдер ендігі келіп түсіп те жатыр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы техника сатып алуға өтінімдер санының өсуі қолайлы қаржыландыру талаптары да себеп болған деп саналады. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдаудың арқасында фермерлер техниканы жеңілдікті пайызбен алу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, субсидиялау бағдарламасына сәйкес, мемлекет ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру мөлшерлемесінің 7% есесін қайыруды жоспарлап отыр. Сөйтіп, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ғы ауыл шаруашылығы техникасы мен арнаулы техниканың лизингі бойынша мөлшерлеме, субсидиялануын есепке алғанда, 13,4% орнына 6,4% құрайды.
Назарларыңызға, 2014 жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге арналған қаржы сомасы жоспар бойынша 10,6 млрд. теңге болғанда, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 11,2 млрд. теңгеге 1 167 бірлік техника сатып алуды қаржыландырған. 2015 жылы көкөтемгі-егіс жұмыстарының шеңберінде 10,5 млрд. теңгеге жуық сомаға кемінде 1000 бірлік техника табысталатын болады деп жоспарлануда.
Тракторлар мен тұқым сепкіштерден басқа «әйгілі» техникалардың қатарында тырма, кун, соқа, пішен тайлаушы, қопсытқыш, дестелегіш сияқты техника түрлері бар. Көктемгі-егіс жұмыстарының шеңберінде диқаншылардың сатып алатын техникаларының көпшілік бөлігі – қазақстандық өндірістікі, атап айтқанда, ең әйгілі үлгілердің бірі, Семейдегі «СемАз» автоқұрастыру зауытында жасалып шығарылған — «Белорус» тракторлары екенін атап көрсеткен жөн. Өз кезегінде, техникаға арналған аспалы жабдықтар АҚШ-тан ғана емес, Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан да сатылып алынады.
Тұтас алғанда, «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобы 2015 жылдың көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге бүкіл қаржыландыру көздері есебінен 97 млрд. теңге қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Осы соманың шеңберінде «ҚазАгро» егіс жұмыстарын жүргізуге республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кейін қаржыландыру үшін, бюджеттік несиелендіру есебінен 34 млрд. астам теңгеге екінші деңгейлі банктерді қорландырады.