Қазақстанның Агроөнеркәсіптік инвестициялық форумының қорытындылары 24.06.2014

 

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінде Қазақстанның бірінші агроөнеркәсіптік инвестициялық форумының алғашқы қорытындысы жасалды.
Қазақстанның Ұлттық холдингімен және Adam Smith Conferences (Адам Смит институты) британдық компаниямен бірлесіп ұйымдастырылған Форум 90-нан астам шетелдік инвесторлар мен 100-ден астам отандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың өкілдерін жинады. Бұрын хабарланғандай «ҚазАгро» бүгінгі күні 30 шетелдік ірі компаниялармен жұмыс жүргізеді, олардың қызметі аграрлық өндірістің қазіргі заманғы және жоғары технологиялық әдістерін қолдануға негізделген. Астанадағы инвестициялық форумға Венгрия, Германия, Қытай, Франция, Канада, Украина, Ұлыбритания, Испания, Жапония, Түркия, Нидерланды, Болгария, Литва, Мысыр, БАӘ, Сингапурдан келген әлеуетті инвесторлар, сондай-ақ Қазақстанның ЕАЭО бойынша әріптестері – Ресей мен Белоруссия өкілдері қатысты.
Екі күндік форум барысында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен шетелдік инвесторлармен қазақстандық холдингтің республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі олар қатысатын жобаларды қаржыландыруға дайын екендігі туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Әңгіме оңтүстік аймақта жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу зауытын салу және венгрияның Mirelit Mirsa и Lac Holding компаниясымен жүгері өсіру және сақтау үшін сервистік орталық құру, 20 мың бас ІҚМ басына арналған бордақылау алаңын құру, БАӘ Emirates Futures компаниясымен 1 млн. басқа арналған қой шаруашылығы және 3 мың басқа арналған ірі тауарлы сүт фермасын құру, мысырдың Сairo Poultry Company компаниясымен 70 мың тоннаға арналған ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы туралы. Бұдан басқа, Salim Group индонезия компаниясымен жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша және венгрияның Vitaford компаниясымен жемшөп өндірісін дамыту бойынша келісімдерге қол жеткізілді.
Бүгінгі күні компаниялар нарыққа талдау жүргізуде және қазақстанның шаруашылықтарымен жобаларды бірігіп іске асыру мүмкіндіктері туралы келісімдер жүргізуде. «ҚазАгро» холдингімен ұйымдастырылған Агроөнеркәсіптік инвестициялық форум осы процеске қолдау көрсетуі қажет, сондай-ақ қазақстандық сияқты шетелдік мүдделі тараптардың отандық АӨК инвестициялық әлеуеті туралы ақпараттандырылуын жоғарылатуы тиіс.
Суару жүйесінде мамандандырылған францияның Irrifrance компаниясы және қазақстандық «Будан» ӘКК үшін форум ынтымақтастық туралы құжатқа қол қоюмен аяқталды. Бұл фермердің Оңтүстік-Қазақстан облысында үлкен алаңдары бар. Шаруашылықта жұмыс 6 кезеңмен жүргізіледі және алдағы уақытта барлық алаң заманауи жетілдірілген суару жүйесін енгізудің арқасында жақсартылатын болады. 15% су ресурстары үнемделеді, егістік алаңының жағдайы мен оның өнімділігі жақсаратын болады. Біздің алғашқы клиентімізбен ынтымақтастық процессінде бізге барлығын жасауға үміттенеміз» — деді Irrifrance компаниясының басшысы Осман Аиди мырза қорытынды баспасөз конференциясында.

 

Оның қазақстандық әріптесі — «Будан» ӘКК жүгерінің элиталық тұқымының өндірісі және экспортымен айналысады. Оның басшысының айтуынша кәсіпорын жүгері өндірісі бойынша Қазақстандағы тұқым нарығының шамамен 50-60%-ына ие және республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде бірнеше облысты қамтиды. «Біз технологияға қызығушылық таныттық. Жазғы уақытта судың тапшылығына кезігеміз, ал осы технологияның арқасында тапшылық болмайды, судың үнемделуі мен өнім шығымы байқалады. Біз меморандумға қол қойдық. Одан әрі нақты кезеңдер болады, және келесі маусымда біз осы суармалы жүйемен 200 га арналған алаңға тәжірибемен шығамыз. Біз «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа жабдыққа лизинг алуға үміттіміз», — деді «Будан» ӘКК басшысы Еркін Шакеев.
Әлеуетті инвесторлар үшін холдингпен агросекторда іске асырылатын және қосымша инвестицияны қажет ететін 66 инвестициялық жобаның тізімі қалыптастырылды, жеді инвестициялық форум барысында «ҚазАгро» холдингі Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов. «Бұл жерде сүтті және етті мал шаруашылығы, көкөніс өндірісі мен қайта өңдеу, жемшөп өндірісі, астықты, жүн мен былғарының қайта өңдеу бойынша жобалар көрсетілген. Шетелдік компанияларды біздің жабдықтар мен технологияларды жеткізуші әріптестер ретінде болуын ғана емес, сондай-ақ аграрлық секторға тікелей инвестициямен келулерін, паритетті негізде жоғары технологиялық жобаларды іске асыруға қатысуға шақырғым келеді», — деп өз сөзін аяқтады Ұлттық холдинг басшысы.
Агроөнеркәсіптік инвестициялық форумда ұсынылған барлық барлық жобалардың паспорттары «ҚазАгро» холдингінің корпоративтік порталында орналастырылған (www.kazagro.kz).
Анықтама:
Холдингтің қызметінің барлық кезеңі ішінде АӨК қолдауға 6,5 млрд. еуродан астам (7,5 млрд. АҚШ доллары) қаражат бағытталды. АӨК қолдаудың басты аспабы несие қызметі болып табылады. Өткен жылғы Холдингтің жиынтық несие қоржыны 1,8 млрд. еуроны құрады немесе ол АӨК несиелеудің жалпы көлемінің 48%-ы. Бұл республикадағы барлық екінші деңгейдегі банктердің аграрлық секторды несиелеу көлемімен салыстыруға болатындай.
Соңғы 7 жылда Холдингтің активтері 3,6 есеге өсті және 3,4 млрд. еуроны құрады, меншікті капиталы 3,1 есеге өсті, 2007 жылмен салыстырғанда табыс деңгейі 2,4 есеге өсті. Қазіргі таңда Холдингтің несие қоржынында 40 мыңнан астам қарыз алушы бар.
Қазіргі уақытта инвестициялық қаржыландыру қоржынында құны шамамен 1,3 млрд.еуро болатын 400-ге жуық жоба бар. Құны 1 млрд.еуроның 300 жобасы пайдалануға берілді, оның 160 жобасы қуаты 70%-дан астам жүктемеге жетті.
ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.
Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.
________________________________________________________________
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі
Ринат Тасболатов