Агроөнеркәсіптік кешеннің 170-ке жуық субъектісі қаржылай сауықтырудан өтеді 18.07.2014

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша шаралар шеңберінде қаржы институттарынан өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Еске салайық, қаржылық сауықтыру бағдарламасы — мемлекеттік қолдау шаралары, арнайы техника мен жабдықтарды иеленуге алған несиелерін арзандатуға мүмкіндік береді. Қаржылық сауықтыру шеңберінде несиелерді қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылады және айыппұлдар мен өсімақылар алынып тасталады.
«Қазагромаркетинг» АҚ агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасының операторы ретінде ағымдағы жылы Қаржылық сауықтыру бойынша комиссияның 4 отырысын ұйымдастырды. Бұл отырыстар барысында АӨК-тің 169 субъектісіне қатысты қаржылық сауықтыру шараларын қолдану шешімі қабылданды. Аталған АӨК субъектілерінің несиелері бойынша негізгі қарыздың жалпы сомасы 149,2 млрд. теңгені құрайды.
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасы екінші жыл іске асырылып келеді. 2013-2014 жж. ішінде негізгі қарыз сомасы 167,6 млрд. теңгені құрайтын АӨК-тің 217 субъектісінің өтініштері қанағаттандырылды.
Барлық мақұлданған қарыз алушылар бойынша 58,0 мың тұрақты жұмыс орнын сақтап қалу жоспарланған.
Қарыз алушыларға тиесілі өндірісте пайдаланылатын жердің жалпы ауданы 2,0 млн. гектарды құрайды.
Өтінімдері мақұлданған АӨК субъектілерінің басым бөлігі мына облыстарға тиесі: Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әр қайсысынан 38 субъектіден, Қостанай облысынан – 20 субъекті, Шығыс Қазақстан облысынан — 17 субъекті.
Мақұлданған өтінімдерінің басым бөлігі мына қаржылық институттардан ұсынылған: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан – 76 субъекті немесе 32%, «Цеснабанк» АҚ-нан — 26 субъекті немесе 21,5%, «БанкЦентрКредит» АҚ-нан — 19 субъекті немесе 11%.
Өтінімдері мақұлданған АӨК субъектілері нақты мына салаларда еңбек етеді:
астық, бұршақ және майлы дақылдарды өсіру — 86%;
сервистік қызметтер мен трейдерлік қызмет — 8,5%;
ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу — 3%;
құс шаруашылығы — 2%;
мал өсіру — 0,5%.
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтырудың мәні неде?
Мемлекеттік қолдаудың бұл бағыты аясында АӨК субъектілері бизнесті дамыту және арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу мақсатында алған теңгедей несиелердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға, шетелдік валютада алынғандары бойынша 5%-ға төмендетіледі. Қаржылық сауықтыру аясында сонымен қатар қарыздарды қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұлдар мен өсімпұлдар шегеріліп тасталады.
Қаржылық сауықтыру АӨК субъектілерінің кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау мен қайта қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады.
Қаржылық сауықтыру бағдарламасына АӨК субъектілері 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін алынған несиелерімен қатыса алады.
Мемлекеттік қолдаудың бұл түрін пайдалану үшін АӨК субъектілері өздері несие алған қаржы институтына өтініш беруі тиіс. Қаржы институттары ретінде екінші деңгейлі банктер, банктік қызмет атқаруға лицензиясы бар несие ұйымдары мен АӨК саласындағы несиелік серіктестіктер қарастырылады.
Қаржылық сауықтыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 18 сәуіріндегі №379 қаулысымен бекітілген Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін «Қазагромаркетинг» АҚ-ның байланыс орталығына 8 800 080 70 80 нөмірі бойынша хабарласуға болады (Қазақстан бойынша ұялы және стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін).

ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ кіреді.

_________________________________________________________
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі