Қауымдастықтың мүшелері ретінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бола алады.

Қауымдастықтың мүшелері ретінде кіру жарналары мен мүшелік жарналарын енгізген және Палата Жарғысының қағидаларын орындайтын Құрылтайшылар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болады.

Қауымдастықтың мүшелері заңгерлік және экономикалық дербестікті сақтайды.

Құрылтайшылардың, сондай-ақ Қауымдастыққа кірген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірдей құқықтары бар және одан әрі Мүшелер деп аталады. Қауымдастық мүшелерінің еншілес ұйымдары автоматты түрде Қауымдастықтың қауымдастырылған мүшелеріне айналады.