Палата Туралы

«Герофорд тұқымының республикалық Палатасы» коммерциялық емес ұйымы (бұдан әрі – Палата) 2012 жылғы 30 наурызда құрылды. Палатаның құрылтайшылары: «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС, «Dinara-Ranch» агрофирмасы» ЖШС және KazBeefLtd ЖШС.

Палатаның негізгі мақсаттары:
  • Палата мүшелерінің Палата Жарғысында қарастырылған мүдделерін білдіру және қорғау;
  • Герефорд асыл тұқымды жануарларының мал басын Qazaqstan Республикасының аумағында көбейту және тарату;
  • мал шаруашышылығы саласының әсерін кеңейту және Герефорд тұқымының жоғары сапалы еті мен өзге өнімінің нарығын дамыту;
  • асыл тұқымды мал шаруашылығы, Герефорд тұқымын өсіру саласында қызмет ететін субъектілердің жұмысын өзара байланыстырып үйлестіру;
  • мал басын тіркеу арқылы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды үйлестіру;
  • Палатаның мүшелері өсіретін Герефорд тұқымының экспорты мен сауда-саттығына ықпал ету.
Палатаның жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін мынадай негізгі қызмет түрлері жүргізіледі:
  • селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасында тіркеу арқылы Палата мүшелерінің Герефорд асыл тұқымды жануарлары туралы деректер базасын жүргізеді және оларды есепке алуды ұйымдастырады;
  • табындағы селекциялық және асыл тұқымдандыру жұмыстарын үйлестіреді;
  • асыл тұқымды жануарға мәртебесін береді;
  • асыл тұқымдық куәлігін береді;
  • аталған мақсаттар үшін қарастырылған бюджеттік қаражаттың шегінде субсидиялануы тиіс асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жүзеге асырылатын жыл сайынғы квотасын анықтауға қатысады;
  • Герефорд тұқымының генетикасын жақсартуға арналған жаңа бағдарламалар, сервистер, технологиялар мен бағыттар туралы ақпарат береді;
  • Қазақстанда Герефорд тұқымының асыл тұқымды және таза тұқымды жануарлар сату бойынша жәрмеңкелер, көрмелер, аукциондар (биржалар) өткізуді ұйымдастыруға қатысады;
  • жаңа технологияларды енгізу, генетиканы жақсарту, Герефорд тұқымының тарату, сондай-ақ Герефорд тұқымын дамытуға және онымен байланысты бизнесті дамытуға ықпал ететін байланыстарды нығайту үшін шетел ұйымдарымен ынтымақтасады;
  • басқа елдердегі Герефорд тұқымын дамыту жөніндегі қауымдастықтармен ынтымақтасады;
  • Qazaqstan Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге қызмет түрлері.

Палата өз қызметінде мынадай нормативтік құжаттарды басшылыққа алады: 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2011 жылғы 3 желтоқсандағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша Qazaqstan Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Qazaqstan Республикасыныңы заңы; 2012 жылғы 1 маусымдағы № 724 «Асыл тұқымды мал мәртебесін беру және асыл куәліктерді беру қағидалары»; 2012 жылғы 28 шілдедегі № 986 Қаулы – ҚР АШМ қаулылары, бұйрықтары, ережелері, 09.07.2012 ж. № 924 Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту ережелерінің қосымшалары; асыл тұқымдық куәліктерді алу үшін тіркеуге өтініштердің нысандары Герефорд тұқымды малдарды өсіретін барлық шаруашылықтарға таратылды. Асыл тұқымдық куәліктерінің нысандарын Үкімет бекітті. Палаталарға заңды түрде мынадай атқарымдар бекітілді – малдарды тіркеу арқылы асыл тұқымдық мәртебесін беру, Мәртебе беру ережесі, Асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларына сәйкес асыл тұқымдық куәліктерді беру.

Мүшелер саны 133
Тіркелген бастың нақты саны126005
Берілген куәліктердің нақты саны74592

Палата селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық аналитикалық базасында тіркеу арқылы Герефорд тұқымының асыл тұқымды жануарлары туралы деректер базасын жүргізеді және есепке алады, генетикалық әлеуеті жоғары жануарларды жаңғырту үшін, жануарларды өсірген кезде өнімділік бойынша анағұрлым жоғары нәтижелеріне жету және оларды сақтау үшін табындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды үйлестіреді.

Палата Герефорд тұқымының жануарлары (импортталатын немесе Қазақстанда туған) туралы деректерді «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» ҚР Заңына, асыл тұқымдық куәліктерін тіркеу және беру ережелеріне сәйкес тексереді, себебі Палатаның ең басты тапсырмаларының бірі болып малдың шежіресін және мал туралы басқа ақпаратты сақтау табылады.

Палата Герефорд тұқымының асыл тұқымды малдары туралы деректер базасын малды сату және қозғалысының тарихымен бірге қалыптастырады және сақтайды.

Герефорд тұқымды асыл тұқымды малдардың барлық сатылымдары фермерлердің асыл тұқымдық куәліктерін беру туралы арызды Палатаға ұсынуы арқылы жүзеге асырылады, бұл асыл тұқымды жануардың тарихын қадағалауға мүмкіндік береді.

Асыл тұқымды малдарды жоспарланған сату туралы мәліметтерді Палатаның мүшелері облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары арқылы табынды тұқымдық түрлендіру үшін сатып алуға қызығушылық танытқан ұсақ шаруашылықтарға электрондық түрде таратады.

Әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Палата ҚазМШжЖӨҒЗИ ЖШС-мен тығыз ынтымақтастықта фермерлік шаруашылықтарға бірлесе барады. Басқа бейінді ғылыми институттармен қарым-қатынас орнатады.

2012 жылдың шілдесінен бастап Палата республикадағы барлық ұқсас ұйымдардың арасында бірінші болып Герефорд әлемдік кеңесінің құрамына кірді. 2013 жылдың мамыр айында «Dinara-Ranch» агрофирмасы» ЖШС жетекшісі және Герефорд тұқымының республикалық палатасы Кеңесінің жетекшісі Канадалық Герефордтың құрметті зауытшысы сертификатымен марапатталды.

Палатаның Канададағы, Австралиядағы, Даниядағы Герефорд Қауымдастығымен ретке келтірілген тығыз ынтымақтастығы жайлы жеке атап өткен жөн. Осылайша, Қазақстан аумағында Герефорд тұқымды ірі қара малын жаңғыртумен айналысатын мал өсірушілері үшін Канадалық Қауымдастық Герефорд тұқымының малына күтім жасау және өсіру ерекшеліктері туралы 6-сериялық фильм әзірледі. 2013 жылдың қазан айында KAZAGRO-2013 халықаралық көрмесінде Палата Австралиялық Герефорд Қауымдастығымен Австралияның үздік фермалары бойынша 3-апталық бизнес-тренингке герефорд тұқымының зауытшыларын тарту туралы меморандумға қол қойды. Бұл ретте осы тренингті ұйымдастырумен байланысты барлық шығындарды, соның ішінде ұшуға, тұруға, тамақтануға жұмсалатын шығындарды австралиялық тарап өтейді деп күтілуде.

2014 жылы Палата Ангус Қазақстан республикалық палатасымен бірлесіп екі Палатаның батыс және оңтүстік серіктестерінің үлгісі бойынша ішкі құжаттарды стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруы жоспарланады. Бұл өзгерістер Палатаның Жарғысына, сондай-ақ кейбір ішкі ережелеріне де ықпал етеді.

2015 жылы Палата KAZ FARM-2015 көрмесіне қатысты.

2016 жылы Палата Уругвайда өткен Герефорд тұқымының әлемдік съездіне қатысты.

2017 жылы директор Палатаның мүшелерімен бірге АҚШ-ң Техас қаласындағы Ет турына барды. Палата директорының арнайы шақыртуы бойынша KAZ FARM-2017 көрмесіне ІҚМ судьясы ПиДжи Батлер келді.

2018 жылы директор Палата мүшелерімен бірге «Венгрия-2018» Герефорд тұқымының 15-ші Еуропалық съездіне қатысты.

2019 жылы басқа Палаталармен бірлесіп, «Лепсі-2019», «Ет туры-2» екі ірі ауқымды көрмелері ұйымдастырылды.

2020 жылы Палата Жаңа Зеландияда Герефорд тұқымының Әлемдік съездіне қатысты.

Палатаға мүшелік етуіне қарамастан, Палата Герефорд тұқымының барлық зауытшыларымен малдарды ААЖ-де тіркеумен, сатумен, импорттаумен байланысты мәселелер, субсидиялар және т.б. бойынша консультациялар жүргізеді.

Таза қанды асыл тұқымды малдарды Палатада тіркеу туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларына және ҚР АШМ АӨК-гі МИК облыстық аумақтық инспекцияларына жүйелі түрде беріледі. Палата отандық және шетел мамандары қатысатын барлық салалық Форумдарға, КАИ, КАМ оқу курстарына қатысады.

Палата Кеңесінің Төрағасы — Атайбеков Бақытжанұлы

Директоры — Тельбаев Сакен Салиевич


Жарғы және құрылтай шарты
Жарғы
Дополнения и изменения в Устав
Құрылтай шарты
Тарифы
Палатаның құрылымы

I. Мүшелер (учредители платы) — 133 членов Палаты.

II. Палатаның Кеңесі (Протокол №20, общего собрания членов Палаты от 31 марта 2023 г.):

  • Атайбеков Б.Ы. — Палата Кеңесінің Төрағасы, «Dinara-Ranch» АФ» ЖШС құрылтайшысы;
  • Жумашев Н.С. — Палата Кеңесінің мүшесі, «Болашақ» ШҚ құрылтайшысы;
  • Малаев С.Т. — Палата Кеңесінің мүшесі, «Ақселеу» ЖШС директоры;
  • Жунусов Д.Е. — Палата Кеңесінің мүшесі, ЖК «Жунусов Д.Е» иеленушісі.

III. Директоры — Тельбаев Сакен Салиевич

IV. Бақылау-тексеру комиссияы (Протокол №20, общего собрания членов Палаты от 31 марта 2023 г.):

  • Тажиев А. Е. — «Dinara – Ranch» АФ» ЖШС бас есепшісінің орынбасары
  • Афинова А.М. — «KazBeef Ltd» ЖШС есепшісі
  • Жунусова Ю.Г. — ЖК «Жунусов Д. Е.» есепшісі
Палата Кеңесі

Герефорд палатасының Кеңесі өз қызметін және жалпы жетекшілікті Палатаның Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

Герефорд палатасы Кеңесінің негізгі тапсырмалары:

  • жұмыс регламентін белгілейді және атқарушы органның қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді;
  • республикалық палатаның бюджетін бекітеді;
  • алқалық органға тарифтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынады;
  • алқалық органға атқарушы директордың кандидатурасын бекіту үшін ұсынады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Герефорд палатасы Кеңесінің мүшелері өз қызметін ақысыз жүзеге асырады.

Атқарушы орган

Директорды Палатаның мүшелері тағайындайды.

Директордың құзыретіне Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының және Палата Кеңесінің айрықша құзыретіне кірмейтін барлық мәселелерді шешу жатады.

Директор Палатаның қызметін жалпы және жедел басқарады, Палатаның Кеңесіне есеп береді, Палата Кеңесінің және Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімдерін орындауды ұйымдастырады.

Директор Палатаның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін білдіреді.

Директор мүлік пен ақшаға иелік ету құқығын пайдаланады, шарттар жасасады, соның ішінде еңбек шарттарын ашады, сенімхаттар береді, банктерде есеп шоттары мен басқа шоттарды ашады, өзінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер орындауы тиіс бұйрықтар мен өкімдер шығарады, нұсқаулар береді.

Директордың құзыретіне кіреді:

  • уәкілетті орган бекіткен тәртіпте асыл тұқымдық мәртебесін (материалын) беру (уақытша тоқтату, күшін жою) арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығының таңдалған бағытына байанысты асыл тұқымды мал басын есепке алуды ұйымдастырады;
  • уәкілетті орган бекіткен жануарларды жаңғырту және асыл тұқымдық құндылығы сұрыптау (бағалау) нұсқаулығына сәйкес асыл тұқымды малдардың, соның ішінде асыл тұқымды өндіруші малдардың асыл тұқымдық құндылығын анықтайды;
  • уәкілетті орган бекіткен тәртіпте асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәліктерін береді (күшін жояды);
  • уәкілетті орган бекіткен тәртіпте экспорттаушы-елдердің құзыретті органдары импортталатын асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлігін немесе оған балама құжатты мойындайды;
  • облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына бюджеттік қаражаттың шегінде асыл тұқымды өнімге (материалға) субсидияларды бөлу бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • таза қанды малдар бойынша асыл тұқымдық кітаптарын бөлек жүргізеді және басып шығарады;
  • сұрыптау (бағалау) туралы деректерге мониторинг жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларға хабарлайды;
  • алқалық органмен келісу бойынша тұқымның стандартын бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.