Фенотип:
Ағзаның барлық гендерінің жиынтығы оның генотипін құрайды. Дененің сыртқы белгілерінен бастап, жасушалар мен мүшелердің құрылысы мен жұмыс істеу ерекшеліктерімен аяқталатын барлық белгілерінің жиынтығы - фенотип. Жануарлардың фенотипі (сыртқы дене бітімі және конституциясы, өнімділік көрсеткіштері) тұқым қуаламайтын (паратиптік) факторлардың әсерінен және тұқым қуалаушылықтың (генотиптің) әсерінен дамиды.

Шығу тегі: әкесі мен анасы жағынан ата-бабаларының кемінде үш қатары таза тұқымды герефордтар болуы керек. Герефорд тұқымды ІКМ фенотиптік белгілері.

   

 

Түсі: Малдың түсі қызыл, түрлі реңдері бар (қою қызылдан (шие) ашық қызылға дейін), басы ақ (әсіресе алдыңғы бет жақ бөлігі), мойынның төменгі бөлігі, қолтықасты, құрсақ қуысының төменгі бөлігі, желін аймақтары мен аяқ ұштары, құйрықтарының ұшы ақ (құйрығында қара қылшық қоспасы бар), шоқтығы ақ немесе қызыл.
Мұрын айнасы - ашық қызғылт түсті.

Басы - ақ (әсіресе бет бөлігі).

Денесі - мойынның төменгі бөлігі, кеудешелері, құрсақ қуысының төменгі бөлігі, желін аймағы және аяқтың ұштары, сондай-ақ құйрық қылшығы - ақ (құйрығында қара қылшық қоспасы бар), шоқтығы ақ немесе қызыл. Жануарлар қою қызыл (шие) реңді, көп жағдайда көз айналасы пигменттелген (көзілдірік).

Мүйізі: мүйізді немесе тоқал ІҚМ болуы мүмкін.

Дене бітімі: биік, орташа, шағын.

Герефорд тұқымының Конституциясы мықты, массивті көрсеткішке тән. Ересек жануардың ет малына тән тіктөртбұрышты дене формасы бар. Мал басы қысқа және кең; мойыны қысқа және жалпақ; мүйіздері жанына бағытталған; дене бітімі бөшке тәрізді, терең және ұзын; аяқтары қысқа, күшті және кең қойылған; алдыңғы бөлігі кең және бұлшық етті жақсы дамыған; шоқтығы, арқасы, белі және құйымшағы тік; кеудесі дөңгелек және кең, төс жағы жақсы дамыған; бұлшық еті біркелкі дамыған; арты кең және тік; терісі қалың және теріасты клетчаткасына бай; сүт белгілері нашар дамыған.

Герефорд экстерьері - бұл әдеттегі етті ІҚМ-ға тән, бірақ оның өзіңдік асыл тұқымды ерекшеліктері бар. Бұл ерешеліктер иықтың жақсы қойылуымен бұлшық еттілігімен сипатталады. Герефорд тұқымының белі кең және ұзын, тағы бір ерекшелігі сондай-ақ үстіңгі арқа беті тегіс болып табылады. Жануардың бас шүйдесінен бастап арқа сызығы тік сызыққа жақын болады.

Ескерту:
Көз айналасындағы пигменттер - қарқынды күн радиациясы жағдайында көз айналасы пигменттелмеген ақбас тұқымына қарағанда көз айналасында пигментациясы бар жануарлар көз обырымен аз ауырады.