«ҚазАгро» қазақстандық ет экспорттаушыларына жаңа бағыт ашты

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі қазақстандық маш шаруашылықтары үшін экспорттың жаңа бағытына жол ашты. Осы жылы Алматы және Жамбыл облыстары қой шаруашылықтары қой еттерінің алғашқы партиялары Бахрейн Әмірлігіне жіберілуі жоспарлануда. Етті Иран мен Қытайға экспорттаудың сұрақтары жалғасуда.

Таяу шығыс мемлекетінің өкілдері «ҚазАгро» холдингінің құрамындағы – «ҚазАгроӨнім» АҚ еншілес компаниясы және оның серіктес-экспортер компаниясы «Empire Group Corporation» ЖШС-ның шақыруымен Қазақстанға келді. Сапардың мақсаты – республиканың ветеринарлық жағдайын зерттеу және Қазақстанның қой шаруашылықтары мен ет қайта өңдеу кәсіпорындарының «Халал» стандарттарына сәйкестігін сараптау. Бахрейн Әмірліктері азық-түлік және аграрлық сала Комитетінің төрағасы Халед Әли Рашид Аламин бастап келген делегацияға мемлекеттік ветеринарлық қызметтің, карантиндық қауіпсіздік, логистика және бизнес қызметтерінің өкілдері де кірді.

Іс сапар барысында Бахрейн мамандары Алматы және Жамбыл облыстарындағы бірқатар мал шаруашылықтары мен ет комбинаттарын аралап, онда қойларды бағу жағдайымен, ветеринарлық қауіпсіздік, инфрақұрылым жағдайымен, малды сою және етін сақтау ережелерімен танысты.

2020 жылға дейін қой шаруашылығы саласын дамыту мастер-жоспары шеңберінде қой етінің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін «ҚазАгроӨнім» АҚ 2013 жылдан бері қой етін экспорттауды ұйымдастыру бойынша іс шараларды іске асырып жатқандығын атап өткен жөн. Компания мамандарының пікірінше «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің көмегімен ашылып жатқан жаңа сату нарықтарының пайда болуы отандық шаруашылықтар мен қайта өндірушілердің жұмыс қуаттылықтарын күшейтуге ынталандырады.

Бахрейн мамандары Алматы облысы Жамбыл ауданындағы («Мұрынбай» ШҚ, «Тұлпар» ШҚ, «Егінші-нұр» ШҚ) және Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ( «Племзавод «Меркі» АҚ) шаруашылықтардың жайылым жерлері мен малдың жағдайын қарап өтті. Сонымен қатар делегация мүшелері «Мeat & Product Service» ЖШС және «Меркі-ет» ЖШС ет комбинаттарының сою орындарының жұмысы мен жағдайымен танысты. Мамандар қаралған мал бастарының жағдайын жоғары бағалады. Бахрейн қонақтары малды бағу мен азықтандыру жағдайының экологиялық мінсіздігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар қазақстандық қой етінің дәмдік қасиеттеріне ең жоғары баға берілді. Дегенмен, малды союмен байланысты ережелер мен шарттар бойынша ескертулер болды, бірақ қазақстандық тарап жақын арада талаптарға сәйкестендіретініне міндеттенді.

Делегация мүшелерінің сөзіне сәйкес қазақстандық қой етін Бахрейнге жеткізу бойынша барлық қажетті шаралар өткізілгеннен кейін алғашқы уақытта жеткізілім тірі салмақта жүзеге асырылады. Кейін – тоңазытылған түрінде жетікізіледі.