Ауытқымалы бұзау

фенотиптік ақаулары бар бұзау.

Бұқа

ірі қара малдың аталығы.

Бұқашық

еркек бұзау.

Асыл тұқымды малдың иесі

Герефорд республикалық палатасында атына мал тіркелген жеке немесе заңды тұлға.

Жарамсызын шығару

өнімді емес, қалаулы емес малдарды кәдеге асыру үдерісі.

Әке-енесін растау үшін ДНҚ тестілеу

малдың әке-енесін анықтау үшін пайдаланылатын әдіс.

Индекстік бағалау

уәкілетті орган бекіткен тәртіпте анықталатын аса маңызды селекциялық белгілердің кешені бойынша малдың асыл тұқымды құндылығының салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау әдісі.

Піштірілген мал

ұрық бездері алынып тасталған бұқашық немесе бұқа.

Жылдың коды

мал туған жылды білдіретін, перманентті сәйкестендіру кезінде көрсетілетін әріп (таңба, бажы).

Туған жылының коды
Коды Туған жылы
A 2013 L 2023
B 2014 M 2024
C 2015 N 2025
D 2016 P 2026
E 2017 R 2027
F 2018 S 2028
G 2019 T 2029
H 2020 U 2030
J 2021 V 2031
K 2022 W 2032
K 2022 X 2033

Сиыр

бұзаулағаннан кейінгі ірі қара малдың ұрғашысы.

Донор сиыр

эмбриондарды трансплантациялау нәтижесінде туған бұзаудың биологиялық анасы.

Малдың туған жері (Зауытшы)

тіркелетін жануар туған сәтте анасының иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға.

Табынның атауы (зауыттық тіркеме)

табынның мүше таңдаған және Палата тіркеген атауы. Атауы иесін анықтау үшін малдарға лақап ат қойған кезде пайдаланылады.

Қысыр

ұрықтанбаған қашар.

Мал денесінің күйін бағалау

ірі қара малдың семіздігін бағалау үшін пайдаланылатын құрал. Дененің күйі 1 баллдан (жүдеу) 9 баллға дейін (өте семіз) бағаланады.

Буаздық кезеңі

ұрықталған кезеңнен бастап, төлдеген кезеңге дейінгі уақыт аралығы. Герефорд тұқымының буаздығының орташа кезеңі 283 күнді құрайды.

Бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал

малдың таза тұқымды әке-енесінің кем дегенде үш ұрпағының тегі туралы шынайы деректер келтірілген асыл тұқымдық куәлігі бар тұқымның стандартына сәйкес келетін таза қанды ірі қара мал.

Екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал

асыл тұқымдық куәлігі бар тұқымның стандартына сәйкес келетін таза қанды ірі қара мал.

Бірінші және екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара малдың мәртебесін

Палата ААЖ деректер базасында тіркеу нөмірін беру арқылы береді.

Палатада малға жеке тіркеу нөмірін беруі

немесе заңды тұлғалардың Палатаға өз еркімен арыз беріп, жүгіну, критерийлерге сәйкестікті растайтын құжаттарды ұсыну, ААЖ деректер базасында мал туралы деректерді верификациялау, қызметтердің ақысын Палатаның тарифтеріне сәйкес төлеу процедурасы болып табылады.

Тегі

асыл тұқымды малдың ата-енесі мен арғы тұқымы туралы деректер.

Шағылыстырылған (ұрықтандырылған) мал

бұқамен шағылыстырылған немесе жасанды жолмен ұрықтандырылған қашар немесе сиыр.

Тұқымның стандарты

өнімділігі, денесінің типі және шығу тегі бойынша тиісті асыл тұқымды малдарға қойылатын және уәкілетті орган бекіткен минималды талаптар.

Буаз сиыр

нәтижелі шағылыстырылған немесе жасанды ұрықтандырылған ірі қара малдың ұрғашысы.

Қашар

6 айлық жастан асқан және нәтижелі ұрықтандырылғанға дейінгі ірі қара малдың ұрғашысы.

Ұрғашы бұзау

ұрғашы жынысты бұзау.

Бұзау

алты айлық жасқа дейінгі төл.

Эмбриондарды трансплантациялау

бір дара малдан көп ұрпақ алу үшін эмбриондар дамуының ерте кезеңінде (морулдан бластоцисттерге дейін) ұрықты малдың бір ұрғашысынан (эмбриондар доноры) басқа ұрғашысына (эмбриондар реципиенті) салуға негізделетін мал басын көбейтудің биотехнологиялық әдісі.

Герефорд экстерьері

малдың сыртқы түрі, денесінің сыртқы пішіндері.