«Қазагромаркетинг» АҚ аймақтық өкілдіктері АӨК субъектілерінен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауда
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстық филиалдары да инвестициялық субсидиялау үшін инвесторлардан өтінімдер қабылдауды бастады. Бұған дейін компанияның Ақмола облыстық филиалы өтінімдер қабылдауды бастағанын хабарлаған болатын.
Белгілі болғандай, инвестициялық субсидиялау былтырдан бері «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады.
Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді. Бағдарлама шарттарына сәйкес инвестициялық субсидиялар инвестициялық жобаны іске асыруға кеткен шығындардың 20-дан 80%-ға дейінгі үлесінің орнын толтырады. Субсидиялау 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға берілген жобалар бойынша іске асырылады.
Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі №421 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
«Қазагромаркетинг» АҚ инвестициялық субсидиялау бағдарламасының операторы болып табылады және инвесторлардан бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер қабылдайды.
Бағдарлама республиканың барлық аумағы бойынша жүзеге асырылады. Жақын арада өтінімдер басқа аймақтарда да қабылдана бастайды.
Барлық сауалдарды «Қазагромаркетинг» АҚ-ның сall-орталығына 8 800 080 70 80 нөмірі бойынша жолдауға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).
2014 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында 1 124 жоба бойынша 13,02 млрд. теңге сомасындағы субсидиялардың төленуі мақұлданды. Бағдарламаға еліміздің барлық облыстары мен Астана қаласының АӨК субъектілері қатысқан болатын.
Барлық жобалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған.
Былтыр мақұлданған өтінімдердің неғұрлым көп саны «Ірі қара малдың тауарлы фермаларын кеңейту және техникалық жарақтау» (405 өтінім), «Етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және шошқа шаруашылығы бойынша шаруашылықтар құру және кеңейту» (330 өтінім), «Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту» (112 өтінім), «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу» (101 өтінім), «Суару жүйелерін құру және кеңейту» (80 өтінім) бағыттарына тиесілі болатын.
2014 жылы субсидиялардың неғұрлым көп бөлігінің төленуі «Суару жүйелерін құру және кеңейту» (2,5 млрд. теңге), «Көкөністер және жемістер өсіру бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту» (1,8 млрд. теңге), «Етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және шошқа шаруашылығы бойынша шаруашылықтар құру және кеңейту» (1,7 млрд. теңге), «Құс шаруашылығында кәсіпорындарды құру және кеңейту» (1,2 млрд. теңге), «Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту» (1 млрд. теңге) бағыттары бойынша мақұлданды.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында өтінімдер Шымкент қ., Тоқаев к., 18, 22-пәтер мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс телефоны: 8(7252)54-04-24, e-mail: x_kam@kam.kz.
Қызылорда облысының аумағында өтінімдер Қызылорда қ., Әуезов к., 26 мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс телефоны: 8(7242)27-34-79, e-mail: n_kam@kam.kz.
Батыс Қазақстан облысының аумағында өтінімдер Орал қ., Строитель шағын ауданы, 36, 77-кеңсе мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс телефоны: 8(7112)23-20-67, e-mail: l_kam@kam.kz.
Ақмола облысының аумағында өтінімдер Көкшетау қ., Куйбышев к., 50, 51-каб. мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс телефоны: 8(7162)310-425, e-mail: c_kam@kam.kz.