Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the disable-gutenberg domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/herefords.kz/hereford.kz/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар келісім шарттарға қол қойылды — Республиканская палата породы Герефорд

Ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар келісім шарттарға қол қойылды

Бүгін Астанада Хэнань провинциясына арналған Қазақстан-Қытай бизнес-форумы аясында еліміздің мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдары және бизнес өкілдері Қытайдың 160 азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, агрохимия, биотехнология салалары өкілдерімен кездесті.
Форумның негізгі тақырыбы Хэнань провинциясының экономикалық мүмкіндіктерін ұсыну, Қазақстан және Қытай кәсіпорындары арасында бизнес кооперация түрінде инвестициялық салымдарды кеңейту және Қазақстан аумағында жаңа бірлескен кәсіпорындар ашу, екі ел арасында тауарларды жеткізу болды.
Форум барысында екі тарап өзара тиімді ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар келісім шарттарға, меморандумдарға қол қойды. Атап айтар болсақ:
– қытайлық Davo Industrial Ltd компаниясы және қазақстандық China-Kazakhstan Modern Agricultural Development Co., Ltd компаниясымен ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласы бойынша қазіргі заманғы өнеркәсіптік саласында бірлескен кәсіпорын құру;
– Ауыл шаруашылығы паркінің құрылысын жүргізу үшін Henan Jinyanyinhai Seed industry Co., Ltd қытай компаниясымен және “Жаннұр-Астана” мен One plus One Natural Flour Co.,Ltd компаниялары арасында.
Осы келісімдерге қол қою екі жақты ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін береді.
Анықтама: Хэнань – Қытайдың шығыс орталық бөлігінде орналасқан. Халық саны шамамен 100 млн. адам. Мамандануы өңірдің ауыл шаруашылығы болып табылады – негізгі өндіретіні бидай, кунжут, жүгері, күріш, сиыр, мақта, шошқа еті, мал майы мен жүгері. Өндіру және қайта өңдеу өнімдері екінші реттік өнеркәсіп провинциясының 14%-ын құрайды. Хэнань индустриясы дәстүрлі жеңіл текстиль және тамақ өнеркәсібіне негізделген, Бірақ, соңғы 15 жылда металлургия өнеркәсібі, бензин өндіру, цемент, химия өнеркәсібі, машина жасау және электроника өндіруді қолға алды.